Мен банкрот болған Qazaq banki-нің салымшысымын, салымдарымды қашан, қалай алсам болады? Толықтай ақшамды қайтарып ала аламын ба? Қандай құжаттар керек?
Surak (98,300 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 13 Жел, 18 сұрақ қойды
Surak 13 Жел, 18 редакциялау

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Егер сіз «Qazaq Banki» салымшысы болсаңыз, 24 желтоқсаннан бастап агент-банкке өз өтінішіңізді қалдыра аласыз. Сол арқылы өзіңіз жинаған салымды толықтай алуға құқығыңыз бар. Өтінішіңізге 5 күн ішінде жауап келуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар.

Ұлттық банктің хабарлауынша, «Qazaq Banki» салымшысы қаражатын алу үшін банктің кез-келген филиалына хабарласуы керек.

«Төлем ВТБ банкінің агент банкі арқылы алты ай ішінде, яғни 2018 жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылдың 24 маусымына дейін жасалады. Бұл үшін «Qazaq Bankiнің» жеке тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері – агент банкінің кез-келген филиалына  хабарласуы керек. Өтінімдерді қарау мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс », – деді Ұлттық банк.

Банк салымшысы екенімді қалай дәлелдеймін?

Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Салымшы ЖСН коды арқылы өзінің банк салымшысы екенін дәлелдей алады.

Ақшамды қолма-қол ала аламын ба?

24 желтоқсан күні ВТБ банкінің барлық операциялық залдарында өтініштер қабылданады. Оған дейін агент-банк салымшылардың өтінішін қарауға құқылы емес. Ақшалай қаражаттар қолма-қол ақшамен немесе салымшының жарамды банк шотына аудару арқылы беріледі.

Surak (98,300 бал) 13 Жел, 18 жауап берді
2,174 сұрақ
2,030 жауап
3 пікір
27 қолданушы