Кредит және депозит нарықтары бойынша ақпараттың негізі болып табылатын ведомстволық статистикалық есептілігінің «СБ» нысандары шеңберінде банктік емес заңды тұлғаларға келесі резидент бірліктері жатады:
1) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – мемлекеттік басқару органдармен бақыланатын, экономикалық елеулі бағалармен өткізілетін нарықтық тауарларды өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар;
2) мемлекеттік емес (жеке) қаржылық емес ұйымдар - мемлекеттік басқару органдармен бақыланбайтын, экономикалық елеулі бағалармен өткізілетін нарықтық тауарларды өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар. Олар мемлекеттік емес резидент бірліктердің немесе бейрезиденттердің бақылауында болуы мүмкін;
3) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін бейкоммерциялық ұйымдар (ҮШҚКБҰ) - үй шаруашылықтарына немесе тұтас алғанда қоғамға тегін немесе экономикалық елеусіз бағалармен нарықтық емес тауарлар мен қызметтер ұсынатын бейкоммерциялық ұйымдар. ҮШҚКБҰ негізінде мүшелік жарналар, қайырмалдықтар, нақты немесе қаржылық активтерден, қайырмалдықтар мен трансферттерден алынған табыстар арқылы қаржыландырылады. Бұл қоғамдық және діни бірлестіктер, партиялар, кәсіпшілер одағы ұйымдары, қайырымдылық қорлар, мәдениет және демалыс үйлері, спорттық клубтар және басқа қоғамдық ұйымдар.
Жеке тұлғаларға халық, заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер және жеке еңбек әрекетінің түрлері жатады.