Сағат Қашкенұлы Түгелбаев – 1948 жылы 25 ақпанда Гурьев қаласында туған.
1967 жылы – Гурьев политехникалық техникумын тәмамдаған.
1974 жылы – В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
1963 жылы – Гурьев қалалық Жол құрылысы комитетінде бұрғышының көмекшісі, слесарь, кейіннен механик қызметін атқарды.
1968 жылы – «Ембімұнай» бірлестігінде техник болды.
1974 жылы – Гурьев политехникалық техникумында оқытушы, нұсқаушы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының кемекшісі ретінде қызмет етті.
1982 жылы – Петровский атындағы машина жасау зауытының директоры лауазымына тағайындалды.
1984 жылы – Облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Ембі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
1986- 1990 жылдары – Теңіз газ өңдеу зауыты директорының орынбасары, «Теңізмұнайгаз» бірлестігінде басқарма бастығының орынбасары ретінде жұмыс істеді.
1992 жылы – Атырау облыстық әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1994 жылы – «АЫАСО» ЖШС мұнай компаниясының «АтырауМұнайМаш» ЖШС машина жасау зауытының «ЗаманЭнерго» ЖШС сервис бұрғылау компаниясының акционері, құрылтайшысы, президенті, «Т&Т» ЖШС компаниясының басқарушы болды.
1990-1992 жылдары – ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа, қаржы, бюджет жөніндегі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Үйленген.
2 ұлы және қызы бар.
«АтырауНефтеМаш», «Белкамит» ЖШС мажоритарлық акционері, Қырықмылтық мұнай кен орнын әзірлейтін «Казэйр Уэст» Авиакомпаниясы АҚ, «Anaco»ЖШС, «Атырау Унигаз»ЖШС, «Газэнерго» ЖШС-де үлесі бар.