Қайырлы күн! "Атамекен" ҰКП "Бастау-бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқытады деп естідім. Бұл бағдарлама "Бизнес бастау" жобасынан бөлек пе? Палатаның жобасы бойынша оқу үшін не істеуім керек? Толық ақпаратты қайдан алсам болады?
Surak (98,300 бал) «Атамекен» ҰКП категориясында 27 Ақп, 18 сұрақ қойды

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арнлаған мемлекеттік бағдарламасы аясында енді.  2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы республиканың 80 ауданында жүргізіліп, 15 мың адам 1 айлық оқудан өтті.  Оның ішінде 8 285 адам бизнес жобаларын қорғады. Бір ай оқу, 6 лек, 8300 адам жобаларын қорғады, жалпы 3314 қатысушы бизнес ашып, кәсібін ұлғайтты .

Кәсіпкерлік дағдыларды үйрету жөніндегі «Бастау Бизнес» жобасының мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. Биыл оқыту ауқымы кеңейіп, 160 аудан қамтылады, 30 адам оқыту көзделген. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу – тегін.

Оқуға қатыспас бұрын азаматтар арнайы тестілеуден өтеді, бұл тест адам бойында кәсіпкерлікке деген қабілеттілікті анықтайды. Оқу курсы 12 модульден тұрады. Былтыр 3 мыңнан аса адам несие алды, олар несие алып, бизнес бастағаннан кейін бір жыл бойы «Атамекен» ҰКП сүйемелдеуінде болады. 2018 жылы әр аудан бойынша оқу кестесі «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында жарияланатын болады. 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңге бөлінеді.

Erlan1994 (360 бал) 13 Нау, 18 жауап берді
Қажетті ақпарат екен!
0 интересует 0 не интересует

Сәлеметсіз бе!

«Бастау Бизнес» жобасы «Бизнес Бастау» жобасынан бөлек бағдарлама. «Бастау Бизнес» жобасы  «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан  кәсіпкерлік негіздеріне баулитын 1 айлық тегін оқу курсы. Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытатын бағдарламаға Сіз де қатыса аласыз!

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне баулиды. Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келсе, бағдарламаға қатысуға өтінім бере аласыз. Биыл тегін оқыту республиканың 160 ауданында өтеді. Арнайы тестілеуден өткен тыңдаушылар 30 күндік курстан өтеді, осы уақыт аралығында тыңдаушыларға шәкіртақы қарастырылған. Оқу аяқталған соң, болашақ кәсіпкер бизнес жобасын арнайы комиссия алдында қорғайды. Қорғалған жобалар жеңілдетілген несиемен қаржыландырылады. Бір жобаға қарастырылған несие көлемі 15-18 млн теңгеге дейін.

Биыл оқуға өтінім сәуір айынан басталады. Өз өңіріңіз бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласып ақпарат алыңыз. Толық ақпаратты «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтынан алуға болады http://atameken.kz/kk/ 

Алия Кемелбек (180 бал) 15 Нау, 18 жауап берді
0 интересует 0 не интересует
Find Acticin Cheap In Usa With Next Day Delivery  <a href=http://viaaorder.com>viagra prescription</a> Levitra Para Diabeticos Cialis 10 Mg
Stevpreems 30 Там жауап берді
2,174 сұрақ
2,030 жауап
3 пікір
26 қолданушы