Банк бөлімшесі (касса) арқылы карточкалар бойынша қолма-қол ақша алу туралы ақпарат бере аласыздар ма?
Surak (98,280 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 02 Сәу, 19 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Кассир карточка иесінен оның жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Құжат болмаған жағдайда, кассир карточка ұсынушыға операцияны жүргізуден бас тартуға құқылы. ТМД елдерінде клиенттің төлқұжат деректері чекке міндетті түрде енгізіледі, бірақ карта бойынша қолма-қол ақшаны алған кезде төлқұжатты ұсынуды көп елдерде талап етпейді, қолайсыздықтарды болдырмау үшін оны бірге алып жүру қажет.

Автоматтандырылған режимде авторлауды жүргізу кезінде карточкалық операцияның дұрыс жүргізілуі карта ұстаушысының чекке қол қоюымен расталады. Чекке көрсетілген деректердің (сауда және сервис кәсіпорнының атауы, карточка нөмірі, авторлау кодының болуы, операция сомасы және валютасы) дұрыстығын тексергеннен кейін қол қою қажет.

Дауыстық авторлау кезінде Card Service қызметі карточка ұстаушысымен өтінішті толтыру барысында көрсетілген, оған ғана белгілі (код сөзі, туылған күні және т.б.) қосымша ақпаратты мәлімдеуді талап етуге құқылы. Рұқсатты алған жағдайда, кассир слипті ресімдейді, слип бланкін карточка ұстаушысына қол қоюға ұсынады. Карточка ұстаушысы слипте көрсетілген соманың, валютаның дұрыстығын және операцияны жүргізу күнін тексеріп, слипке қол қояды. Карточка ұстаушысының қолтаңбасы слипте көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растайды.

Card Service қызметінің нұсқауы бойынша кассир карточканы ұстап қалуға құқылы. Картаны ұстап қалу себебі:

  •    карточканың шектелуі;
  •    карточка ұстаушысы оның құқылы ұстаушысы болмағанда. 
  • Банк бөлімшесінде қолма-қол ақша қаражаттарын алған кезде кассир келесі жағдайларда қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға құқылы:
  •    карточкада көрсетілген әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда; 
  •    карточка механикалық немесе электр магниттік зақымдалғанда; 
  •    карточка оны ұсынған тұлғаға тиесілі болмағанда; 
  •    карточка жоғалған немесе ұрланған карточкалар тізімінде болған жағдайда; 
  •    карточка ұстаушысының жеке басын куәландыратын құжат болмағанда; 
  •    банка-эмитент бас тартқанда (карточка шектелгенде); 
  •    техникалық бұзылыста; 
  •    карт-шотта қолма-қол ақшаны алу лимитінің шегіне жеткенде немесе ақша қаражаттары жетіспегенде.
Surak (98,280 бал) 02 Сәу, 19 жауап берді
2,176 сұрақ
2,672 жауап
6 пікір
43 қолданушы