Менің атымда жеңілдетілген салық режимиімен жұмыс істейтін ЖШС бар, жақында тағы бір ЖШС тіркеуді жоспарлап отырмын. Ол да жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істей ала ма?
Erlan1994 (360 бал) Бизнес категориясында 02 Нау, 18 сұрақ қойды
Surak 02 Мам, 19 редакциялау

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует
Жоқ, екінші ЖШС жалпы салық режимімен жұмыс істеуі керек. Тіркеу кезінде кедергі жоқ, тіркеуі мүмкін. Бірақ кейін камералдық бақылау кезінде сіздің атыңызда жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істейтін тағы бір ЖШС бар екені анықталып, Сізді екінші ЖШС салық режимін ауыстырып, тапсырған салық есептерін қайта өткізуге мәжбүрлейді. Сондықтан екінші ЖШС бірден жалпы салық режимі бойынша жұмыс істейтін болуы керек.
Surak (98,280 бал) 17 Нау, 18 жауап берді
2,177 сұрақ
2,682 жауап
9 пікір
99 қолданушы