Kaspi Bank-тен депозит ашқым келеді. Неше уақытқа аша аламын? Шарттарын айтып кетсеңіздер.
Surak (98,300 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 27 Ақп, 18 сұрақ қойды

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Банктің ресми ақпаратына сүйенсек, депозитті 1 айдан 12 айға дейін кез келген мерзімге ашуға болады. Егер одан әрі ұзартқыңыз келсе, қаражатты шешіп алмасаңыз ол автоматты түрде ұзарады.

Депозит бойынша операциялар жүргізу сияқты оны ашу да оп-оңай. Бар-жоғы жеке куәлігіңізбен, ұялы телефоныңызбен және Kaspi Депозит ашу үшін 1 000 теңге немесе 10 долларды құрайтын ең аз сомамен банктің кез келген бөлімшесіне барсаңыз болды.

Бұл ретте сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — теңгеде 12 пайыз, долларда 1 пайыз.
Сыйақы 11,4 пайыз номиналдық мөлшерлеменің және 12 пайыз жылдық тиімді мөлшерлеменің негізінде есептеледі.

Тиімді мөлшерлеме — бұл номиналдық мөлшерлеме + капиталдандыру сомасы, ол тек салым сомасына ғана емес, сондай-ақ банк есептеген пайызға сыйақы есептеу есебінен алынады. Сонымен бір жылда 100 000 теңге депозитке 12 000 теңге есептеледі, бұл 12 пайыз жылдық тиімді мөлшерлемені құрайды.

Kaspi Депозит туралы толығырақ мына жерден білуге болады: kaspi.kz/guide/deposit

Surak (98,300 бал) 27 Ақп, 18 жауап берді
0 интересует 0 не интересует
Expiration Date On Amoxicillin Viagra Ai Cardiopatici Propecia Prix  <a href=http://fzlaka.com>cialis 40 mg</a> Amoxicillin Shortage Viagra Con Cerveza Amoxicilina Usa Direct
EllGrossy 03 Қыр жауап берді
2,174 сұрақ
2,030 жауап
3 пікір
26 қолданушы