ЖСШ қызмет түрлерін көбейткім келеді. ОКЭД-ке тағы да қызмет қосу үшін не істеуім керек?
Surak (98,280 бал) Бизнес категориясында 17 Нау, 18 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

ЖШС тіркелген аудандық Әділет басқармасына ОКЭД қосу туралы шешімді апарып өткізесіз. Шешімге қосымша ОКЭД қосқыңыз келетінін жазып, ОКЭД тізімін көрсету керек. Тізімде код қасына оның сипаттамасы. Мысалы: 77121 -Автокөліктерді жалға беру. ОКЭД санына шектеу қойылмайды. Қанша қоссаңыз да өз еркіңіз. БІрақ, ескеретін жайт он ОКЭД көрсетсеңіз, ең бастапқы тіркеген кезде бір ОКЭД көрсетілсе, барлығы он бір ОКЭД болады. Шешімде ОКЭД тізімі жанына әр қызметті қанша пайыз көлемінде жүзеге асыратындарыңызды пайызбен көрсету керек. Он бір қызметтің пайыздарын қосқанда 100%  болуы керек. 

Мысалы:  

77121 -Автокөліктерді жалға беру - 30 %

77351- Әуе транспорты құралдары мен жабдықтарын жалға беру - 30%. 

40% бастапқы тіркелген кездегі ОКЭД. Бірақ оны шешімде көрсетпейсіз. Оны Әділет басқармасы автоматты түрде есептейді. Пайыз мөлшерін өзіңіз белгілейсіз. 

 

Surak (98,280 бал) 17 Нау, 18 жауап берді
2,177 сұрақ
2,682 жауап
9 пікір
99 қолданушы