Surak (98,280 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 11 Қаң, 19 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Ұлттық Банк мемлекеттік орган болып табылады және Ұлттық Банкке жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады және Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларымен реттеледі. Қызметшінің бос лауазымы болған кезде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландыру орналастырылады (жарияланады).

Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымының болуы туралы ақпарат орналастырылған кезде барлық қатысқысы келетіндердің конкурсқа қатысуға және Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыруға құқығы бар.

Конкурсқа қатысқысы келетін адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды тапсырады:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Ұлттық Банк қызметшісінің үштен аспайтын бос лауазымына өтініш беруге құқылы;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Surak (98,280 бал) 11 Қаң, 19 жауап берді
2,177 сұрақ
2,692 жауап
9 пікір
102 қолданушы