Танысым банк картамның PIN-кодын біліп алды. Енді оны қалай ауыстырсам болады? Smartbank-ті пайдалана аламын ба?

guldana_admin (25,300 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 20 Ақп, 19 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Карта бойынша PIN-код орнату немесе ауыстыру үшін Smartbank-тегі келесі мәзірге өту қажет - "Өтініштер" - "Картаға ДСН-кодты орнату / ауыстыру". Ашылған мәзірден PIN-кодты орнату немесе ауыстыру қажет карта (бірнеше карталар болған кезде) таңдалады. Бұдан әрі қарай "ДСН-код" жолағына төрт таңбалы кодты енгізу қажет. Бұдан соң енгізілген кодты "ДСН-кодты растаңыз" деген екінші жолаққа қайта жазу қажет. Деректерді толтырғаннан кейін "Бұдан әрі" батырмасын басу қажет. Ашылған терезеден деректерді қайта тексеріп, авторландыру құралын таңдап (авторландырудың бірнеше құралы бар болғанда), авторландыру кодын енгізіп, ""Бұдан әрі" батырмасын басу керек. Тапсырма өңделуге қабылданады. Тапсырма бойынша орындаудың нәтижесін "Тапсырма реті" мәзірінен, "Өтініштер" қосымшасынан қарауға болады.

guldana_admin (25,300 бал) 20 Ақп, 19 жауап берді
2,177 сұрақ
2,681 жауап
8 пікір
97 қолданушы