Мен Халық банктің интернет-банкингіне кіре алмай отырмын. Қалай қалпына келтірсем болады?

guldana_admin (25,300 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 21 Ақп, 19 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Ол үшін:

1. Егер сізге парольді қалпына келтіру қажет болса, "Мен парольді ұмытып қалдым" пернесін басыңыз.

2. Жаңа "Қатынауды қалпына келтіру" терезесінде сенімді телефон нөміріңізді енгізіңіз. "Келесі" батырмасын басыңыз.

3. Сіздің сенімді нөміріңізге верификация коды бар SMS келеді. Верификация кодын толық енгізіңіз, бос орындарды және SMS-те көрсетілмеген басқа белгілерді пайдаланбаңыз. Енгізгеннен кейін "Келесі" батырмасын басыңыз.

4. Жаңа терезеде ЖСН-іңізді енгізіңіз. "Келесі" батырмасын басыңыз.

5. Одан әрі карталық деректерді Енгізу терезесі ашылады. Картаның мәліметтерін енгізіңіз:

  • Карта нөмірлері
  • Картаның әрекет ету мерзімі
  • Картаның артқы жағында көрсетілген CVC / CVV коды.

6. Сәтті верификациядан кейін, жаңа терезеде құпиясөзді ойлап табыңыз.

7. Авторизация терезесі ашылады, Сенімді нөміріңізді және бұрын ойлап тапқан пароліңізді енгізіңіз. "Кіру" батырмасын басыңыз.

Толық ақпаратты сілтеме бойынша көре аласыз.

guldana_admin (25,300 бал) 21 Ақп, 19 жауап берді
2,177 сұрақ
2,692 жауап
9 пікір
102 қолданушы