Қаржы пирамидалары туралы көп естиміз. Оның белгілері бар ма?
Surak (98,280 бал) Қаржы категориясында 01 Нау, 18 сұрақ қойды

1 Жауап

0 интересует 0 не интересует

Көптеген адамдар пайданың соңына түскен кезде алаяқтарға сеніп, мол олжаға кенелудің орнына ақшасынан айырылып жатады. Ақшаны «кірісті» іске салардың алдында байқап тексеріңіз: кенеттен бұл қаржы пирамидасы болып шықпасын.

Қаржы пирамидасында бірінші келген адам жаңа салымшылардың жарналарының есебінен кіріс алады. Ал жаңадан келген аңқаулардың ағымы азайған кезде пирамида құлайды: құрылтайшылар өз уәделерін орындауды тоқтатып, тонап алған ақшасымен қашып кетеді.

Инфографикада біз алдыңызда тұрған адамның алаяқ па, әлде адал компания ма екенін анықтауға көмектесетін кеңестерді жинадық.

Әдетте алаяқтар немен және қалай ақша табатыны туралы анық ақпарат бермейді. Есесіне оңай, тез және нарық бойынша орташа кірістен әлдеқайда жоғары: жылдық 20, 50, 100 % кіріске уәде береді.

№̲ ̲1̲ ̲ж̲а̲д̲н̲а̲м̲а̲
Тұрақты кіріс әкелетін заңды құралдар көп емес, олар – банктік депозиттер мен облигациялар.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының «сәнді» сызбаларының бірі төмендегідей: клиент банктен несие алып, соманың 40-50%-ын делдал фирмаға береді, ол клиент үшін барлық соманы пайызымен бірге өтеуге уәде береді. Фирма тіпті бір-екі ай төлейді де, содан соң алаяқтар жалданған офисті тастап, ақшамен бірге жоқ болады.

№̲ ̲2̲ ̲ж̲а̲д̲н̲а̲м̲а̲
Заңға сай несие бойынша міндеттемелерді беру үшін клиенттің, делдал фирманың және банктің арасында жасалған үшжақты шарт болуы керек. Егер мұндай шарт болмаса, банк үшін дәл клиент қарыз алушы болып қалады және ол борышты, пайызды және мерзімі өткізілгені үшін айыппұлды төлеуге міндетті.

Сақ болыңыздар! Тегін ірімшік пен қақпан естеріңізде болсын.

Surak (98,280 бал) 01 Нау, 18 жауап берді
2,177 сұрақ
2,679 жауап
8 пікір
96 қолданушы