Қазір ірі дүкендердің көпшілігінде Kaspi Red арқылы тауар алуға мүмкіндік бар екен. Бұл не, қалай жұмыс істейді?
Surak (98,280 бал) Банк, кредит, несие, депозит категориясында 27 Ақп, 18 сұрақ қойды

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Иә, қазіргі кезде Kaspi Red көптеген ірі дүкендерде бар. Бұл қызметті қалай пайдалануға болады? 

1)   Банктің кез-келген бөлімшесінен немесе сауда орындарынан Kaspi Red клубтық картасын аласыз. Бұл үшін қолыңызда жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті. Клубтық картаны рәсімдеу кезінде несие тарихыңызға қарайды. 2)   Картаның ішінде 50 мың және 100, 150 мың теңгелік лимит бар. Қайсысын алуды өзіңіз таңдайсыз. 

3)  Киім, аяқ киім, балалар тауарлары, спорттық тауарлар, әшекей бұйымдар, сұлулық салондары, үйге арналған тауарлар  алғыңыз келсе өз қалаңыздағы Kaspi Red’тің серіктес дүкендеріне барып, тауарды сатып аласыз. 

4) Төлем жасау кезінде Kaspi Red картасындағы ақшамен есеп-айырысасыз. Бұл үшін сатушы картаны арнайы құрылғыға енгізеді. Сізден пин-кодты енгізуді сұрайды. Пин-кодты енгізген соң, сатушы сізге чек береді. 

5) Картаңыздан қажетті сома шешіліп алады. Мысалы: картаңыздағы лимит 100 мың теңге. Сіз 75 мың теңгеге зат сатып алдыңыз. Картаңызда 25 мың теңге қалады. 75 мың теңгені сіз 3 айдың ішінде теңдей бөліп картаға қайта салуыңыз керек. Төлем банкке емес, картаға түседі. Мұнда артық комиссия, пайыз жоқ. Төлемді kaspi.kz арқылы немесе Kaspi терминалы арқылы жасауға болады. Егер айлық төлемді уақытынан кешіктіріп алсаңыз 2000 теңге айыппұл бар. 

Surak (98,280 бал) 27 Ақп, 18 жауап берді
0 интересует 0 не интересует
Kaspi Red - бұл сатып алудың жанкүйерлері үшін бірегей клуб. Клуб мүшелері киімнің, балаларға арналған тауарлардың, парфюмерияның, спорттық тауарлардың, электрониканың және тағы басқалардың үздік дүкендерінде сатып алуы мүмкін.

Kaspi Red-тен барлық сатып алулар 3 айға созылады. Пайызсыз, комиссиясыз және артық төлемей.

Әр сатып алудан клуб қатысушылары әрдайым 1% бонустар, сондай-ақ Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары бойынша жоғары бонустар алады.
Surak (98,280 бал) 28 Қаң, 19 жауап берді
2,177 сұрақ
2,679 жауап
8 пікір
96 қолданушы